● Бизнес пен азаматтарды қорғау, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың (әкімдердің, сот орындаушыларының және т.б.), ұйымдардың әрекеттеріне шағымдану. ● Қарыздарды, залалды, айып төлеуді (айыппұлды, өсімді) өндіріп алу. ● Төрелік іс жүргізуде мүдделерді білдіру. ● Корпоративтік даулар: ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер), АҚ (акционерлік қоғамдар) және басқа да заңды тұлғалардың құрылтайшылары/қатысушылары арасындағы даулар; акциялардың, жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің, пайлардың тиесілілігі туралы даулар; лауазымды тұлғалар мен құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) әрекеттері салдарынан заңды тұлғаға келтірілген залалды өтеу туралы даулар; мәмілелерді жарамсыз деп тану; жалпы жиналысты шақыру, өткізу және оның шешімдеріне, сондай-ақ заңды тұлғаның өзге де органдарының шешімдеріне шағымдану, оның ішінде лауазымды тұлғаларды тағайындау (сайлау), олардың өкілеттіктерін тоқтату, тоқтата тұру және жауапкершілігі туралы мәселелер. ● Банкроттық туралы істер. ● Инвестициялық даулар (инвесторлар, оның ішінде шетелдік қатысуы бар тұлғалар, мен мемлекеттік органдар арасындағы даулар). ● Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау; жеке өмірге қол сұқпаушылық [қолсұғылмаушылық]; моральдық зиян. ● Үлестік құрылыс. ● Ортақ (үлестік, бірлескен) меншікке қатысты даулар, соның ішінде шаруа (фермер) қожалығына, бірлескен қызметке, консорциумға қатысты мәселелер, сондай-ақ ортақ мүліктегі үлестен ақы өндіріп алудың мәселелері. ● Меншік құқығын, жалдау құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де құқықтарды дауластыру, белгілеу (тану), қорғау. ● Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi. ● Кепіл, кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу, кепілдік пен кепіл болушылық, кепілпұл. ● Талап етуді (талап ету құқығын) беру (цессия), борыштың ауысуы. ● Мемлекеттік сатып алу (тендерлер) бойынша даулар. ● Мәмілелерді (шарттарды, сенімхаттарды, өсиеттерді және т.б.) даулау; шарттарды жасасуға және орындауға мәжбүрлеу туралы істер; шарттарды өзгерту және бұзу туралы істер. ● Төмендегі шарттар бойынша даулар мен мәселелер: √ Сатып алу-сату; тауар жеткізілімі; контрактация; энергиямен жабдықтау; кәсіпорынды сату. √ Айырбас; сыйға тарту; рента. √ Мүліктік жалдау (жалға алу), оның ішінде кәсіпорынды жалдау, көлік құралдарын жалдау; лизинг. √ Мүлікті тегін пайдалану. √ Мердігерлік (оның ішінде құрылыс мердігерлік; жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік; ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарына мердігерлік). √ Өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік экспедициясы. √ Заем (оның ішінде банк заемы); ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік операциялар. √ Сақтау; сақтандыру; тапсырма; комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару. √ Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг). ● Зиян келтірудің салдарынан туындайтын даулар (Міндеттемелер), оның ішінде заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тарту салдарынан келтірілген мүліктік және моральдық зиянды өтеу. ● Негізсіз баю/негізсіз байлық ● Интеллектуалдық меншік, оның ішінде фирмалық атау, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), лицензиялық шарт, авторлық құқық, сабақтас құқықтар, ашылмаған ақпаратты (коммерциялық ақпаратты, өндірістік құпияларды «ноу-хау») қорғау. ● Мұраға қатысты мәселелер мен даулар. ● Мүлікті тыйым салудан босату. ● Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы. ● Әскери құқық: әскери қызмет өткеру; орнын ауыстыру; әскери қызметтен шығару; өтемақылар; қызметтік тұрғынжай; тұрғынжайды жекешелендіру; тұрғын үй төлемдері; лауазымды тұлғалар мен әскери басқару органдарының әрекеттеріне шағымдану; және т.б. ● Еңбек даулары: еңбек шарты (келісімшарт); жұмыстан шығару; жұмысқа қайта алу; мәжбүрлі бос жүрген уақыт үшін жалақы; өтемақылар; жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы, оның ішінде өз жұмыскерлерінің әрекеттері үшін жауаптылығы; бейбәсекелестік туралы талап; және т.б. ● Тұрғын үй даулары. ● Жер даулары. ● Неке-отбасы даулары: некені бұзу; мүлікті бөлу; неке шарты; алимент өндіріп алу; алимент мөлшерін ұлғайту және азайту; баланың тұрғылықты жерін айқындау; ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау; баланы басқа адамдардың қолынан алып қою; ата-ана құқықтарынан айыру, оларды шектеу және қалпына келтіру; әке болуды анықтау; кәмелетке толмағандардың еңбек және тұрғын үй құқықтарын қорғау; кәмелетке толмағандар келтірген зиянды өтеу; және т.б. ● Ерекше іс жүргізу істері: заңдық маңызы бар фактілерді анықтау (туыстық қатынастарды, асырауында болу фактісін, құқық белгілейтін құжаттардың тиесілі екендігін, жазатайым жағдайды); хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау; алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберу; нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға қатысты шағымдар. ● Медициналық құқық: денсаулыққа келтірілген зиянмен себептік-салдарлық байланысты анықтау; денсаулыққа келтірілген зиянды өндіріп алу; моральдық зиянның өтемақысы; және т.б. ● Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мүдделерді қорғау: жала жабу; медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету; еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу; еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу; жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу; бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру; заңсыз кәсіпкерлік; бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану; кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу; кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу; САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДА; СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАЛАРЫНДА; ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА (жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану, су пайдалану және т.б.); БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА; заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу; Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу; Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу; КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДА; жол қозғалысының ережелерін бұзу; және т.б. | ● Защита бизнеса и граждан; обжалование действий госорганов, должностных лиц (акимов, судебных исполнителей и др.), организаций. ● Взыскание долгов, убытков, неустойки (пени, штрафа). ● Представление интересов в арбитражном производстве. ● Корпоративные споры: споры между учредителями/участниками ТОО (товариществ с ограниченной ответственностью), АО (акционерных обществ) и других юридических лиц; споры о принадлежности акций, долей участия в уставном капитале, паев; споры о возмещении убытков юридическому лицу вследствие действий должностных лиц и учредителей (участников, акционеров); о признании недействительными сделок; обжалование созыва, проведения и решений общего собрания и иных органов юридического лица, в том числе, о назначении (избрании), прекращении, приостановлении полномочий, ответственности должностных лиц. ● Дела о банкротстве. ● Инвестиционные споры (между инвесторами, в том числе, с иностранным участием, и госорганами). ● Защита чести, достоинства и деловой репутации; неприкосновенность частной жизни; моральный вред. ● Долевое строительство. ● Споры касательно общей (долевой, совместной) собственности, в т.ч. вопросы крестьянского (фермерского) хозяйства, совместной деятельности, консорциума, обращения взыскания на долю в общем имуществе. ● Оспаривание, установление (признание), защита – права собственности, права аренды, права землепользования и других прав. ● Истребование имущества собственником из чужого незаконного владения. ● Залог, обращение взыскания на заложенное имущество, гарантия и поручительство, задаток. ● Уступка (права) требования (цессия), перевод долга. ● Споры по госзакупкам (тендерам). ● Оспаривание сделок (договоров, доверенностей, завещаний и т.д.); дела о понуждении к заключению и исполнению договоров; дела об изменении и расторжении договоров. ● Споры и вопросы по следующим договорам: √ Купля-продажа; поставка; контрактация; энергоснабжение; продажа предприятия. √ Мена; дарение; рента. √ Имущественный наем (аренда), в том числе, аренда предприятия, аренда транспортных средств; лизинг. √ Безвозмездное пользование имуществом. √ Подряд (в том числе: строительный подряд; подряд на проектные и изыскательские работы; подряд на научно-исследовательские, опытно-конструкторские и технологические работы). √ Возмездное оказание услуг; перевозка; транспортная экспедиция. √ Заем (в том числе, банковский заем); финансирование под уступку денежного требования (факторинг); банковские операции. √ Хранение; страхование; поручение; комиссия; доверительное управление имуществом. √ Комплексная предпринимательская лицензия (франчайзинг). ● Споры (Обязательства), возникающие вследствие причинения вреда, в том числе, возмещение имущественного и морального вреда вследствие незаконного привлечения к уголовной ответственности. ● Неосновательное обогащение. ● Интеллектуальная собственность, в том числе, фирменное наименование, товарные знаки (знаки обслуживания), лицензионный договор, авторское право, смежные права, защита нераскрытой информации (коммерческой информации, секретов производства «ноу-хау»). ● Вопросы и споры по наследству. ● Освобождение имущества из-под ареста. ● Сфера защиты прав потребителей. ● Военное право: прохождение воинской службы; перевод; увольнение с воинской службы; компенсации; служебное жилище; приватизация служебного жилища; жилищные выплаты; обжалование действий должностных лиц и органов военного управления; и т.д. ● Трудовые споры: трудовой договор (контракт); увольнение; восстановление на работе; оплата за вынужденный прогул; компенсации; материальная ответственность работника и работодателя, в т.ч. ответственность за действия своих работников; условие о неконкуренции; и т.д. ● Жилищные споры. ● Земельные споры. ● Брачно-семейные споры: расторжение брака; раздел имущества; брачный контракт; взыскание алиментов; увеличение и уменьшение размера алиментов; определение места жительства ребенка; определение порядка общения родителя с ребенком; отобрание ребенка, находящегося у других лиц; лишение, ограничение и восстановление родительских прав; установление отцовства; защита трудовых, жилищных прав несовершеннолетних; возмещение вреда, причиненного несовершеннолетними; и т.д. ● Дела особого производства: установление фактов, имеющих юридическое значение (родственных отношений, нахождения на иждивении, принадлежности правоустанавливающих документов, несчастного случая); признание безвестно отсутствующим или объявление умершим; направление на принудительное лечение от алкоголизма, наркомании, токсикомании; жалобы на нотариальные действия или отказ в их совершении. ● Медицинское право: установление причинно-следственной связи с ущербом здоровью; взыскание ущерба здоровью; компенсация морального вреда; и т.д. ● Защита интересов по административным правонарушениям: клевета; несоблюдение порядка, стандартов и некачественное оказание медицинской помощи; нарушение требований по оплате труда; нарушение правил обеспечения безопасности и охраны труда; нарушение земельного законодательства Республики Казахстан при предоставлении права на земельный участок и при изменении целевого назначения земельного участка; умышленное уничтожение или повреждение чужого имущества; незаконное предпринимательство; незаконное использование чужого товарного знака, знака обслуживания, географического указания и наименования места происхождения товара; незаконное вмешательство в предпринимательскую деятельность; нарушение порядка проведения государственного контроля субъектов предпринимательства; нарушение законодательства Республики Казахстан о государственных закупках; нарушение законодательства Республики Казахстан об аудиторской деятельности; в области налогообложения; в сферах архитектурной, градостроительной, строительной деятельности и жилищных отношений; в области охраны окружающей среды, использования природных ресурсов (землепользование, недропользование, водопользование и т.д.); в области образования; незаконная медицинская и (или) фармацевтическая деятельность; нарушение требований законодательства в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения, а также гигиенических нормативов; нарушение законодательства Республики Казахстан о масс-медиа; нарушение законодательства Республики Казахстан о рекламе; в сфере таможенного дела; нарушения правил дорожного движения; и т.д. |